Биологиялық қауіпсіздік – адамдардың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының, жер беті мен топырақ қабатының), өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және өзге де организмдердің қауіпті биологиялық факторлардан, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін қорғалу жағдайы.
Бұл жұмыс істейтін персоналды, халықты және қоршаған ортаны биологиялық агенттердің әсерінен қорғауға бағытталған медициналық-биологиялық, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шаралар жүйесі.
Патогендік биологиялық агент – адам, жануар немесе өсімдік ағзасында инфекциялық және (немесе) паразиттік процесс тудыруы мүмкін микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес (токсиндер), гельминттер, нематодтар.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері
1) патогендік биологиялық агенттермен тек әскери емес мақсаттарда ғана жұмыс істеу: бактериологиялық (биологиялық) және токсиндік қаруды әзірлеу, өндіру және қорларды жинақтау, пайдалану мақсатында патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге тыйым салынады;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг деректері негізінде биологиялық қатерлердің профилактикасы, талдау және болжам;
3) патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеудің бақылауында болуы: патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактика шаралары биологиялық факторлардың қауіптілік дәрежесіне сәйкес болуы тиіс;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық мүдделерінің басымдығы: Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге қабілетті немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жоғалуына әкеп соғатын халықаралық ынтымақтастық шеңберінде міндеттемелер қабылдауға жол берілмейді.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы негізгі мәселелер мен қатерлер, стратегиялық мақсаттар, негізгі бағыттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясымен айқындалады.
Биологиялық қауіпсіздік саласында ведомствоаралық жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және үйлестірілген шаралар қабылдау.