Биологиялық тәуекел

Биологиялық тәуекел – патогенді биологиялық агенттердің адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы, сондай-ақ олардың табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне ену ықтималдығы.

Биологиялық тәуекелдерді бағалау патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты әртүрлі қызметтер салаларында қауіпті биологиялық факторлардың, құралдардың, әдістердің, технологиялардың, қызметтердің әсерінен теріс салдардың туындауының алдын алуға бағытталған.

Биологиялық тәуекелдерді бағалау патогенді биологиялық агенттермен, ықтимал қауіпті биологиялық нысандармен, инфекциялық және паразиттік аурулардың эпидемиялық және эпизоотиялық ошақтарымен және ықтимал ошақты аумақпен жұмыс істеуге қатысты жүргізіледі.