2024 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының бас директоры Ерғали Абдураимов Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыс сапарымен барды.
124 көрініс

Кездесу барысында институт басшысы Мархабат Қасенов және өзге де қызметкерлер атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, институттың негізгі қызметімен таныстырып шықты.
Сондай-ақ институттың алдағы бес жылға даму жоспары және өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды.