Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Манабаева Шұға Асқарқызы

Биология ғылымдарының кандидаты

Генетика, генетикалық инженерия және өсімдік биотехнологиясының маманы. Беделді халықаралық ғылыми бағдарламалардың стипендиаты, соның ішінде InWEnt, Германия (2003-2004), және DAAD, Германия (2006). Сондай-ақ, АҚШ-тың Техас А&М университетінде зерттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми грантына ие болды (2007-2008 жж.). 2009-2010 жылдары АҚШ-тың Техас А&М университетінің өсімдіктер патологиясы және микробиология департаментінде постдок болып жұмыс істеді. 2018 жылы “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін”төсбелгісімен марапатталған. 80 – нен астам ғылыми жарияланымдардың авторы, Хирш индексі-5 (Scopus). Соңғы 5 жылда CRISPR/Cas9 технологиясын қолдана отырып, геномдық өңделген өсімдіктерді құру, генетикалық түрлендірілген өсімдіктер және өсімдіктердегі рекомбинантты ақуыздардың транзиентті өнімдер жүйелерін жасау саласындағы жобаларды басқарды.

ORCID ID – 0000-0001-7884-1713

Scopus ID – 55615915000