Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Скиба Юрий Александрович

Холдингтің еншілес ұйымы «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС Алматы қаласындағы филиалының басшысы.
Биология ғылымдарының кандидаты

Молекулалық биология және биологиялық қауіпсіздік саласындағы жоғары білікті маман.
50-ден астам ғылыми мақалалар мен 3 патенттің авторы. 2020 жылы COVID-19 пандемиясының қатеріне ден қоюға және коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін тест-жүйелерді әзірлеуге басшылық еткені үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Ғылыми қызығушылық саласы: молекулалық-генетикалық паспорттау, геномдық қадағалау және адам мен жануарлар инфекцияларының қауіпті және аса қауіпті қоздырғыштарының дәріге төзімділігін зерттеу, патогендік микроорганизмдердің эволюциясы мен эпидемиологиясы, диагностикалық жүйелерді әзірлеу, рекомбинантты технологиялар, эукариоттар геномының құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы, ген экспрессиясын реттеу, генетикалық инженерия және биологиялық қауіпсіздік.