Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Жабағин Мақсат Қизатұлы

Холдингтің еншілес ұйымы «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі
Ph.D., Қауымдастрылыған профессор

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. Ресей ғылым академиясының Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институтының диссертациялық кеңесінде генетика мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне лайықты диссертациясын қорғады. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының (2007-2012) және «Талап» Назарбаев Университетінің дарынды ғалымдарына арналған бағдарламаның (2014) стипендиаты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым саласындағы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2016), ҚР Республикасының жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаты (2017). Үздік ғылыми жұмысы үшін Ресейдің жас ғалымдарына арналған сыйлығымен және Ресей Ғылым академиясының медалімен марапатталды (2019). «Web of Science» халықаралық ақпараттық-талдамалық платформасы бойынша Қазақстандағы «Үздік жас ғалым» ретінде «Science of Leader – Web of Science Awards» тәуелсіз сыйлығымен марапатталды (2019), «Ғылымды танымал ету үшін үздік ғылыми коммуникатор» номинация бойынша «Young Researchers Alliance» (Жас ғалымдар альянсы) сыйлығымен марапатталды (2019). Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен және «Алтын барс» төсбелгісімен марапатталды (2019). Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2020).
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2023)
ORCID ID – 0000-0003-3414-0610
Scopus ID – 56590111900