«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ

103 көрініс

«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Басшылық:

Бас директоры – Ильин Александр Иванович

Негізгі қызмет бағыттары:

– адамдарды бактериялық, вирустық және бактериялық-вирустық (аралас) инфекциялардан қорғау бойынша медицина, химия, фармакология және фармация саласындағы ғылыми қызмет;

– жаңа инфекцияға қарсы препараттарды әзірлеу және өндіру.

Қызмет түрлері:

– жаңа дәрілік заттар мен ветеринариялық препараттарды, оның ішінде адамның бактериялық және вирустық сипаттағы аса қауіпті инфекцияларына және микстинфекцияларға және оларды қолдану тәсілдеріне қарсы әзірлеу және зерттеу;

– медицина, дәрігерлік және емдеу-диагностикалық қызмет саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыру;

– есірткі құралдарын және олардың туындыларын, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалана отырып дәрілік заттарды зерделеуге және жасауға қатысу;

– қоғамның негізгі қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында оқыту, сәйкестікті растау, сертификаттау.

Құрылымдық бөлімшелер:

Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығында 6 зерттеу бөлімшесі және 8 ғылыми зертхана бар.

Қызмет бағыттары:

– инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу;

– патогендік микроорганизмдердің антибиотикке төзімділігінің реверсиясын зерттеу;

– жаңа медициналық және ветеринариялық препараттарды сынауды фармакология және токсикология, вирусология, иммунология, микробиология, радиохимия және радиобиология, физикалық және биоорганикалық химия, фармацевтикалық химия және фармацевтикалық технология зертханалары, зерттеудің физика-химиялық әдістерінің сынақ зертханасы, клиникаға дейінгі сынақтар бөлімі, клиникалық сынақтар бөлімі, тәжірибелік өндіріс, сынақ орталығы, сапаны бақылау бөлімі жүргізеді.

Эл.пошта: scaid@scaid.kz

Байланыс номері: +7(727) 266-52-29

Мекенжай: Алматы қ, Әуезов 84

https://scaid.kz/