Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының  баспасөз хатшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Міндеттері:

Ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді ұйымдастыру, имиджді, фирмалық стильді, сондай-ақ өзінің жарнамалық өнімін қалыптастыру; әлеуметтік желілерді, қоғамдық пікірді талдау;           контент-талдау; жұртшылықпен байланыс саласындағы ұйым қызметінің ағымдағы жоспарларын түзету үшін талдамалық материалдар дайындау; ұйымның қызметі туралы ақпараттық-жарнамалық материалдардың таралуын қамтамасыз ету; ұйымның жарнамалық саясатының стратегиясын әзірлеуге және жоспарлауға және оны іске асыруға бағытталған жекелеген іс-шараларды өткізуге, маркетинг міндеттерін шешуге және тауарлар мен қызметтер нарығына жылжыту тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру кезінде ақпараттық-жарнамалық қолдауды қамтамасыз етуге, ақпаратты қорғау және ұйым бөлімшелері арасында оңтайлы ақпараттық байланыстар құру жөніндегі жұмысқа қатысу; тұтынушылармен, серіктестермен және жұртшылықтың өзге де топтарымен екіжақты байланысты қамтамасыз ету; баспасөз конференцияларын, брифингтерді, медиа-киттерді, бэкграундтарды, ұйым басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттарын ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйымның қызметі туралы пресс-релиздерді, корпоративтік бюллетеньдерді, оның қызметі туралы өзге де ақпараттық материалдарды ұйымдастыру және дайындау; «PR» жұмысын ұйымдастыру-ұйым мұрағаты (жұртшылықтан сұраулар, жауаптар, жүзеге асырылған акциялардың материалдары).

Біліктілік талаптар:

«Журналистика және ақпарат» (журналистика, қоғаммен байланыс, халықаралық журналистика), «Педагогикалық ғылымдар» (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих) дайындық бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Журналистика және филология, БАҚ, бұқаралық ақпарат құралдары, PR, қоғаммен байланыс саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болу қажет.

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін жұмыс өтілі талап етілмейді.

PR-технологияларды, интернет-журналистика негіздерін білу.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 25 қарашаға дейін (қоса алғанда) фотосуреті бар түйіндемені (телефон номерін, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып) және қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті электрондық мекенжайға жіберу қажет HR@qbp-holding.kz.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Өтініш: жүктеу