Алдынгуров Дәулет Қадырұлы, Абай облысы, Аягөз ауданы, Мың-Бұлақ ауылында 1980 жылы туған.
Еңбек қызметі:
2004 — 2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімшесінің дәрігер-ординаторы.
2005 — 2007 жылдары — «Факультет хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатура.
2007 — 2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің хирургия және травматология кафедрасының ассистенті.
2010 — 2013 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы, Семей мемлекеттік медицина университетінде және Нагасаки университеті, Жапония, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің Атом бомбасы институтында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша PhD докторантура.
2013 — 2017 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің хирургия және травматология кафедрасының доценті.
2017 – 2018 жылдары – Астана қаласындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстан медициналық университеті ЖШС филиалының бас менеджері.
2018 – 2019 жылдары – ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ халықаралық ынтымақтастық және инновациялық технологиялар бөлімінің менеджері.
2019 – 2020 жылдары – «Астана медицина университеті» КЕАҚ магистратура және докторантура орталығының деканы/ басшысы.
2020 — 2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары.
2020 — 2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры
2024 жылдан — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директордың биологиялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары м.у.а.
Алдынғұров Дәулет Қадырұлы
Бас директордың биологиялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасарының м.у.а