Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Кадр және іс жүргізу басқармасының бас сарапшысы

Міндеттері:

Қызметкерлерді тиімді пайдалану мен кәсіби жетілдіруге қол жеткізу үшін Холдингтің даму мақсаттарына және кадр саясатының нақты бағыттарына сәйкес персоналмен жұмысты ұйымдастырады. Холдингті қажетті кәсіптер, мамандықтар мен біліктіліктер қызметкерлерімен жасақтауды қамтамасыз етеді. Персоналға қажеттілікті анықтайды, қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің ықтимал көздерін анықтау мақсатында еңбек нарығын зерделейді. Қызметкерлер құрамын толықтыру мақсатында кадрларды іріктеуді жүзеге асырады, жұмысқа жалданушылармен әңгімелесулер өткізеді. Қызметкерлерді оқытуды ұйымдастырады, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және олардың іскерлік мансабын дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Қызметкерлердің іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау, олардың лауазымдық өсуін ынталандыру жүйесін әзірлейді. Еңбек шарттары мен келісімшарттарын жасайды және ресімдейді. Холдинг басшылығының өкімдерінің, бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Еңбек заңнамасына, холдингтің бас директорының ережелері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар жөніндегі басқа да белгіленген құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды ресімдейді. Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді, еңбек кітапшаларын толтырады, есепке алады және сақтайды, еңбек өтілін есептейді, басқа мекемелерге ұсыну үшін қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар береді. Еңбек кітапшалары мен кірістірулердің қатаң есебін жүргізеді. Қызметкерлерге демалыс беру есебін жүргізеді, кезекті Демалыс кестелерінің жасалуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Ұйымның мұрағатына құжаттамалық материалдарды дайындайды және тапсырады, басқарма басшысының қызметтік тапсырмаларын және қызметкердің лауазымдық нұсқаулығы шеңберінде өзге де міндеттерді орындайды.

Талаптар:

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және “HR” саласында қосымша даярлық, басқару саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Білуі керек:

кадрлар және іс жүргізу басқармасы бойынша холдингтің қызметін регламенттейтін ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

персоналды басқарудың заманауи тұжырымдамалары;

кадрлармен және олардың қозғалысымен байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі;

еңбек шарттарын (келісімшарттарын)әзірлеу тәртібі;

іскерлік қарым-қатынас этикасы;

құжаттардың орындалуын бақылау нысандары мен әдістері;

іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелері және басқалар.

Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 21 қазанға дейін (қоса алғанда) фотосуреті бар түйіндемені (телефон номерін, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып) және қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті электрондық мекенжайға жіберу қажет HR@qbp-holding.kz.

Конкурсты өткізу мерзімі: Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Жүктеу: Өтініш