2024 жылғы 18 шілдеде «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы мен Beijing Genomics Institute бірлесіп,«Инновациялық геномдық және омикалық технологияларды енгізу және дамыту» тақырыбындағы инновациялық форум өткізді.
Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закарья Күнсұлу Дальтонқызы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, BGI компаниясының бас директоры Инь Е және жетекші ғалымдар мен мамандар, мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Холдингтің еншілес ұйымы Ұлттық биотехнология орталығының базасында геномдық зертхана ашылды.
Зертхананың ашылуы: Astana Genetic Center (AGC) зертханасы өз жұмысын бастады және озық генетикалық зерттеулермен және емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеумен айналысатын болады.
Мемлекетті қолдау: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды мемлекеттік қолдаудың, сондай-ақ оларды коммерцияландыру үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық ынтымақтастық: форумда биотехнология саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың болашағы, әсіресе жетекші халықаралық ғылыми мекемелермен және компаниялармен серіктестік контекстінде талқыланды.