Денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы түйткілді мәселелер талқыланды
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңында Қазақстан Республикасының фармацевтика және денсаулық сақтау салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін жүйелік проблемалар мен кедергілерді анықтау мақсатында кезекті акселерация кеңесі өтті.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев сондай-ақ «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ, «СК-Фармация» ЖШС, «Turar Healthcare» КЕАҚ, «Dolce Pharm» ЖШС, «Рош Казахстан» ЖШС, «Pfizer Экспорт B.V.» АҚ «Ордамед», «Orhun Medical» және т.б. сияқты медициналық компаниялардың өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева Мемлекет басшысының еліміздегі отандық фармацевтикалық өндірістің үлесін 50 пайызға дейін арттыру тапсырмасын ескере отырып, Қазақстан экономиканың басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, денсаулық сақтау және фармацевтика саласының әлеуеті зор екенін айтты. Оның айтуынша, елімізде дәрі-дәрмекке деген сұраныс артып келеді, сондықтан қолданыстағы нормативтік стандарттарды жетілдіру салаларды жаңғыртуға және жаңа инвестициялардың келуіне ықпал етеді.
Іс-шараға қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді атады: инновациялық дәрілік заттардың нарықта ұзақ мерзімді болуы (5-7 жыл), дәрілік заттардың бағасын реттеу мәселесі, заңнаманың жиі өзгеруі, патентті қорғау саласындағы заңнаманың жетілдірілмегендігі, сондай-ақ логистика мәселелерін қозғады.