Холдингтің Қазақстан Республикасының медициналық университеттерімен ынтымақтастығы туралы
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2023 жылдың шілде айында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ мен «С.Д. Асфендияров», «Астана медицина университеті» КЕАҚ, «Семей медицина университеті» КЕАҚ және «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ арасында келісімге қол қойылды.
Келісім аясында тараптар бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша студенттер мен оқытушылар алмасу, үздіксіз кәсіби даму үшін онлайн бағдарламалар құру, жоғары курс студенттері мен оқытушылары үшін практикалық семинарлар өткізу, біліктілік арттыру бағдарламалары бойынша оқытушылар құрамына қолдау көрсету т.б.