Президенттік жастар кадр резервіне құжат тапсыру жүргізілуде
2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссиясынының шешімі негізінде Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау жүргізіледі. Жобаға қатысушыларға басты талаптар:
– 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматы
– жоғары білімі бар
– мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес
– еңбек өтілі кемінде 5 жыл
Жобаға қатысу үшін pkrezerv.gov.kz сайтында өтініш бересе аласыздар.