Қазақ — үнді ынтымақтастығы
Астана, 2023 жылғы 3 тамыз – «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры Абдураимов Е.О. Үндістан Республикасы Премьер-Министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Викрам Мисри мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ғылым, денсаулық сақтау, биофармацевтика өнеркәсібі және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қазақ-үнді ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар фармация және биологиялық қауіпсіздік саласындағы кеңейтілген әріптестікті одан әрі нығайту жолында жұмыс тобын құруға уағдаласты.