QazBioPharm ұлттық холдингі директорлары кеңесі төрағасы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 70 жасында дүние салды
Белгілі мемлекет және қоғам қайреткері, QazBioPharm ұлттық холдингі директорлары кеңесі төрағасы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 70 жасында дүние салды.
Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған.
1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолы:
Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы (1969-1971 жылдары);
әскери қызметін өткерді (1971-1973 жылдары).
Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977);
ҚазКСР Қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жылдары); жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жылдары);
Президент Аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993);
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жылдары);
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995);
Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жылдары);
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жылдары);
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі — Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006);
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006-2007);
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2007 жылы ақпан — 27 тамыз):
2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2009-2014 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының әкімі;
2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
2015-2019 жылдары – Ақтөбе облысының әкімі;
2019 жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2019-2020 ж. ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары:
2020-2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.
«Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
Бердібек Сапарбаев 2022 жылдан өмірінің соңына дейін QazBioPharm ұлттық холдингі директорлары кеңесі төрағасы болды. Осы лауазымда жүріп Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласының іргесін бекітуге өлшеусіз үлес қосты.
Бердібек Машбекұлы өміріндегі соңғы сұхбатында COVID-19 инфекциялық вирусы туғызған пандемиядан қалай сабақ алдық, QazBioPharm ұлттық холдингі не үшін құрылды, биологиялық қауіпсіздік саласына маман даярлаудың өзектілігі, ғылым қаржыландыру, OtarBioPharm зауытының маңызы, аталған зауытқа жас кадрларды тарту үшін қандай іс-шаралар атқарылуы керек екені туралы көлемді сұхбат берген еді. Назарларыңызға сол сұхбаттың үзіндісін ұсынамыз.
Бердібек Машбекұлының отбасына, туған-туыстарын, дос-жарандарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.