Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және даму перспективалары
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен және “QazBioPharm” Ұлттық холдингі АҚ ұйымдастыруымен 24 тамыз күні «Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел Тәжікстан мен Қазақстан елдерінің ғылыми қауымдастықтарының ынтымақтастықтығын бірлесіп дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан мен Тәжікстанның жетекші ғалымдары қатысып, баяндамаларын ортаға салды. Дөңгелек үстел қатысушылары екі елдің ғылыми әлеуеті мен перспективалары, биологиялық қауіпсіздік саласы, уран өнеркәсібі қалдықтарын оңалту мәселелері, сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық нормаларын әзірлеу тақырыптарын талқылады.