Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

ТИІСТІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ (GMP)ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ РАСТАЛДЫ

2024 жылғы 26 тамызда «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытта жасалған шарттардың тиісті өндірістік практика стандартының (GMP) талаптарына сәйкестігін кезекті мәрте растады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Еуразиялық Экономикалық Одақтың тиісті өндірістік практика қағидаларының талаптарына дәрілік заттар өндірісінің сәйкестігі туралы сертификатын берді.