Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Тарих

COVID-19 пандемиясы және әлемнің көптеген елдерінде төтенше жағдайдың енгізілуі биологиялық қауіпсіздік пен мемлекеттік басқару шараларының тиімділігі мәселелерін өзекті етті.

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаудың және отандық биофармацевтиканы дамытудың ұлттық жүйесін құру қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты 2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы құрылды.

Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылды. Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алды.