Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ аусылға қарсы вакцина өндіру үшін француздық Boehringer Ingelheim Animal Health компаниясымен серіктестік жасады

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ аусылға қарсы вакцина өндіру үшін француздық Boehringer Ingelheim Animal Health компаниясымен серіктестік жасады. Осыған орай 2023 жылғы 1 қарашада Франция Президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға ресми іссапарында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ (бұдан әрі — Холдинг) мен «Boehringer Ingelheim Animal Health» (бұдан әрі — BIAH) компаниясы арасында аусылға қарсы вакцина шығару туралы стратегиялық әріптестік жасасты.
Серіктестік шарттарына сәйкес, BIAH аусылға қарсы вакцина өндіруге шикізат жеткізеді. Ал Холдинг құю, орау және сатуды қоса алғанда өндірістің соңғы кезеңдерін жүргізеді.
BIAH компаниясы қажетті шикізатты, сонымен қатар өндірістік процесті Техникалық және ғылыми сүйемелдеуді ұсына отырып, Холдингпен ынтымақтасатын болады.
Ынтымақтастықтың бұл түрі вакцинаны тиімді өндіруді қамтамасыз ету үшін екі компанияның да күшті жақтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде нарықты жұқпалы аурумен күресу үшін сапалы препаратпен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ынтымақтастық нәтижесі бойынша Қазақстан ХЭБ стандарттары бойынша аусылдың алдын-алу мүмкіндігіне ие болады және етті шетелдік нарыққа, оның ішінде ЕО елдеріне экспорттау мүмкіндіктері ашылады.
Boehringer Ingelheim Animal Health — жануарларға арналған фармацевтикалық препараттарды әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 1955 жылы негізі қаланған BIAH зооветеринарлық медицина саласында көшбасшы.