Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

2023 жылғы 29 тамызда “QazBioPharm “Ұлттық холдингі” АҚ өкілдері Қытай Халық Республикасындағы Sinovac компаниясының өкілдерімен кездесті

2023 жылғы 29 тамызда “QazBioPharm “Ұлттық холдингі” АҚ өкілдері Қытай Халық Республикасындағы Sinovac компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі Директоры (Еуропалық аймақ) – Игорь Мозолевич компанияның қызметі туралы презентация жасады. Екі жақ Холдингтің өндірістік алаңында Sinovac портфелінен дәрілік заттар өндірісін оқшаулау мүмкіндігін қарастыру туралы қорытындыға келді. Тараптар алдағы жобаны пысықтау үшін “Ақпаратты жария етпеу туралы” келісімге қол қоюға келісті. Холдингтің қызметі және қытайлық өндірушілермен ынтымақтастық мүмкіндігі туралы Холдингтің Халықаралық ынтымақтастық, маркетинг және жылжыту департаментінің директоры Арсен Мейрембаев таныстырды.