Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

2023 жылғы 31 Тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ өкілдері Қытай Халық Республикасындағы Genertec Meheco компаниясының өкілдерімен кездесті

2023 жылғы 31 Тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ өкілдері Қытай Халық Республикасындағы Genertec Meheco компаниясының өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ China Meheco Corporation шетелдік фармацевтика бөлімінің бас директоры — Sun Wenhui компанияның қызметі туралы презентация жасады. Кейін қазақстандық фармацевтикалық өндірушілердің өндірістік алаңдарында Genertec портфелінен дәрілік заттар өндірісін локализациялау мүмкіндігін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаларды қарастыру жайлы қорытындыға келді.