2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Финляндия» дөңгелек үстелі өтті.
Аталған шарада “QazBioPharm” ұлттық холдингі” АҚ бас директоры Ерғали Абдураимов Холдинг және еншілес ұйымдардың негізгі жұмыстарымен таныстырды.
Оның ішінде Холдингтен өндірілетін медициналық және ветеринарлық дәрі-дәрмек және вакциналар, сондай-ақ Холдинг мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.
Іс-шара мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты арттыру, Қазақстанның сауда-инвестициялық әлеуетін Финляндия тарапынан келген өкілдерге таныстыру.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 4 желтоқсанда Хельсинки қаласында (Финляндия) «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ мен «Orion Corporation» жетекші фин фармацевтикалық компаниясы арасында серіктестік және жеткізу туралы Келісімге қол қойылған болатын.