Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

2024 жылғы 12 наурызда «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы мен Қытайлық «BGI» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды

Меморандум аясында, биология, биотехнология, вирусология, химия, генетика, медицина т.б. салаларда бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау жоспарлануда.
Кездесу барысында Холдингтің бас директоры Ерғали Абдураимов Холдингтің негізгі жұмыс барысына және осы уақытқа дейін атқарылған жобаларға тоқталып өтті.
Өз кезегінде «BGI» компаниясының атқарушы директоры Ли Нинг Компанияның таныстырылымын жасап, алда бірлесіп атқаратын жұмыс барысын талқылады.
Сондай-ақ екі тарап мамандардың тәжірибе алмасуы бойынша да жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Кездесу соңында «BGI» компаниясының өкілдері Холдингтің еншілес ұйымы Ұлттық биотехнология орталығының зертханаларымен танысты.
BSI Group, бұрын Beijing Genomics Institute, штаб-пәтері Шэньчжэнь, Тянь тянь ауданында орналасқан қытайлық геномдық компания. Компания 1999 жылы Адам геномы жобасына қатысу үшін генетикалық зерттеулер орталығы ретінде құрылды. Сонымен қатар басқа жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің геномдарының реттілігімен айналысады.
Пандалар мен күріш өсімдіктерінің ДНҚ-сын декодтаумен танымал шағын ғылыми-зерттеу институтынан BGI жануарларды клондау, денсаулықты тексеру және келісімшарттық зерттеулермен айналысатын көп салалы компанияға айналды. BGI-дің алғашқы зерттеулерін Қытай Ғылым академиясының Бейжің геномика институты жалғастырды. BGS Research, топтың коммерциялық емес бөлімшесі, геномика институтымен ынтымақтасады және Қытай үкіметімен келісімшарт бойынша Қытай Ұлттық генофондын басқарады. BGI Genomics еншілес компаниясы 2017 жылы Шэньчжэнь қор биржасында тіркелген.