Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

2024 жылғы 27 маусымда «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ өкілдері «BGI» компаниясымен ынтымақтастық аясында биотехнология және медицина саласындағы BGI Venture, Boai NKY Medical Holdings Ltd, Chaoju Eye Care Holdings қытайлық компаниялар өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу аясында Халықаралық ынтымақтастық, маркетинг және ілгерілету департаментінің директоры Бекжігіт Әбіт пен Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Вячеслав Огай Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының қызметімен таныстырды.

Сонымен қатар қытайлық компаниялардың өкілдері өздерінің биотехнология саласындағы жетістіктерімен таныстырып, ынтымақтастықтың ықтимал салалары бойынша өз ұсыныстарын білдірді.