«Biocubafarma» делегациясының Қазақстанға ресми сапары өтті
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ мен Кубаның биотехнологиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп тобы, «BioCubaFarma» арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 22-24 ақпан аралығында «Biocubafarma» делегациясының Қазақстанға ресми сапары өтті.
Сапар аясында делегация мүшелері холдинг басшылығымен, сондай-ақ Ұлттық биотехнология орталығы, биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты және OtaBioPharm сияқты ведомстволық бағынысты ұйымдармен кездесулер өткізілді. Кездесулер шеңберінде тараптар екі елдің ұлттық денсаулық сақтау жүйесімен танысып, бірлескен жобаларды, оның ішінде келісімшарттық өндірісті, өнімді дистрибуциялауды және ғылыми-зерттеу қызметін іске асыру мүмкіндіктері талқылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 23 ақпанында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі мен Кубаның Биотехнология және фармацевтика өнеркәсібі тобы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.