Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

«Биологиялық қауіпсіздік» атауымен магистратурада жаңа білім беру бағдарламасы ашылды

Биоқауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында 2023 жылғы шілде айында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орындарымен келісімге отырды. Оның ішінде, «С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Семей медицина университеті» КеАҚ және «Батыс Қазақстан Марат Оспанов атындағы медицина университеті» КеАҚ бар.
Өзара іс-қимыл шеңберінде «Биологиялық қауіпсіздік» мамандығы бойынша магистратураның жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Осы білім беру бағдарламасының мақсаты — әртүрлі биологиялық қауіпті объектілерде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы биологиялық қауіпсіздік міндеттерін кешенді шешуге қабілетті жаңа буын басшылары мен мамандарын даярлау.
Аталған бағдарлама бойынша 2023 жылғы 25 қазан — 10 қараша аралығында«Астана медицина университеті» КЕАҚ «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Медициналық-профилактикалық іс», «Медициналық-биологиялық іс», «Биотехнология», «Биология», «Экология», «Стандарттау, сертификаттау», «Химия», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Ветеринария» мамандықтары бойынша білімі бар үміткерлерді қабылдайды. Магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды Астана медицина университетінің (АМУ) қабылдау комиссиясы және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүргізеді.
Күндізгі және қашықтықтан оқыту қарастырылған. Оқу барысында ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Холдинг және еншілес ұйымдар базасында тағылымдама ұйымдастырылады. Оқыту ақылы негізде жүргізіледі. Оқу құны АМУ ақылы білім беру қызметтері бағасының Прейскурантына сәйкес. Білім беру бағдарламасы бойынша толық ақпаратты және құжаттар тізімін қабылдау комиссиясынан және «Астана медицина университеті» КеАҚ зерттеу мектебінен алуға болады.

Қабылдау комиссиясының және АМУ зерттеу мектебінің байланыс телефондары: +7 705 841 5263, +7 778 357 94 57, +7 778 985 30 95, +7 701 523 00 85, 8 7172 270177.