Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Директорлар кеңесінің мүшелері 2023 жылдың қорытынды есебін тыңдады

2024 жылғы 31 қаңтарда Директорлар кеңесінің Төрағасы Дархан Мыңбай және Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Рахат Байзақов «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының және еншілес ұйымдарының 2023 жылғы қорытынды есептерін тыңдады.

Отырыста Холдингтің және еншілес ұйымдардың негізгі атқарған жұмыстарын талқылап, 2024 жылға жұмыс жоспарларымен танысты.

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ-ның 2024 жылға қойған жұмыс жоспарлары ауқымды. Алдағы уақытта Холдинг тарапынан ветеринарлық дәрі-дәрмек және медициналық препараттардың өндірісі өз жалғасын таба бермек. Осы ретте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «QazVac» вакцинасына тапсырыс беруді көздеп отыр.

Сондай-ақ Холдинг ветеринарлық мақсаттағы дәрі-дәрмектің ассортиментін көбейтіп, өндірісті ұлғайтуды жоспарлауда. Сонымен қатар өндірілетін препараттардың сапасына аса маңызды мән беріледі.

Осы орайда Холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары бірқатар мәселелерді атап өтті.

Директорлар кеңесінің Төрағасы Дархан Мыңбай және Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Рахат Байзақов көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар қойып, Холдинг және ұйым басшыларына бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.