Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

F. Hoffmann-La Roche LTD компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесу туралы

Холдинг басшылығы әлемдегі ең ірі F. Hoffmann-La Roche LTD (бұдан әрі «Рош») компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар «QazBioPharm» және «Рош» арасындағы биофармацевтикалық ғылым мен өндіріс және ғылыми-техникалық кеңес құру саласында ынтымақтастық мүмкіндігі мәселелерін талқылады. Келіссөздер нәтижесінде өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарау туралы шешім қабылданды.