Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

«Холдингтің компаниялар тобына инвестициялар тарту және өндірісті локализациялау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

2024 жылғы 20 ақпанда «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ мен «BeNeLux Сауда палатасы» Ассоциациясы» ЗТБ бірлесіп «Холдингтің компаниялар тобына инвестициялар тарту және өндірісті локализациялау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Бельгия, Нидерланды, Хорватия, Болгария, Латвия, Еуропалық Одақ елшіліктері және Еуропаның ірі фармацевтикалық компанияларының өкілдері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты — медицина және ветеринария салаларындағы ғылым, білім беру, өндіріске Еуропалық Одақ елдерінен инвесторлар тарту бойынша іскерлік ынтымақтастықты күшейту.
Іс-шара соңында семинар қатысушыларына Холдингтің еншілес ұйымы Ұлттық биотехнология орталығының зертханаларына таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.