Министрлік өкілдері Холдинг еншілес ұйымдарының қызметі және жетістіктерімен танысты
2024 жылғы 29 шілдеде «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты және «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т.С. Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ж. Ахмед-Заки және мүдделі ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың бірінші басшылары барып, ұйымдардың қызметі және жетістіктерімен танысты.
Институт және завод жұмысымен толыққанды танысқан соң, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласын дамытудың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды.