Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Қазақстан — Куба ынтымақтастығы

Ағымдағы жылдың 22 мамыр және 23 мамыры аралығында BioCubaFarma компаниясына кіретін Молекулярлық иммунология орталығының, Финлай институтының және Гендік инженерия және биотехнология орталығының өкілдерімен кездесулер өтті. Кубалық тарап Cimavax-EGF сияқты бірқатар емдік препараттардың презентациясымен таныстырды. Қазақстан тарапынан Холдингтің құрылуының негізгі кезеңдері, Холдингтің еншілес ұйымдары, мамандандырылған зертханалары, негізгі әзірлемелер (кесек дерматит, құс тұмауы), вакциналар (QazVac) және енгізілген биологиялық өнімдер туралы презентация жасады. Сонымен қатар, «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауыты туралы ақпарат берді. Кездесу қорытындысы бойынша арықарай ынтымақтастықты дамыту бойынша келісімге келді.