Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Ведомствоаралы ғылыми кластер құру мәселесі туралы семинар жөнінде

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ «Денсаулық сақтау саласындағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберіндегі «Ведомствоаралық ғылыми кластер ғылымды қажетсінетін өнімдерді жасаудың негізі» атты семинарды ұйымдастырып өткізді. Семинар әл-Фараби атындағы ҚаҰУ ғимаратында өтті. Іс-шараға . «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлдара Алданышқызы Нұрымова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Жұмақанұлы Абди-Заки, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Саматбек Сұлтанұлы Төлегенов, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Едігеұлы Шоранов, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің консультанты Ербол Маратұлы Спатаев қатысты. Семинарға «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, «ARLAN BIOTECH» ЖШС, «Антиген «ғылыми өндірістік кәсіпорны» ЖШС, ҚазҰУ өкілдері қатысты және мазмұнды баяндамалар жасады. Әл-Фараби және Холдингтің еншілес ұйымдары да қатысты. Іс-шарада «QazBioPharm » Ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Б.М. Сапарбаев «қазақ білімі мен ғылымының дамуына жол ашқан» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басшылығына алғысын білдірді. Директорлар кеңесінің төрағасы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылғы желтоқсанда құрылған Холдингтің қызметі туралы айтып берді.

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректоры Ж. Қ. Түймебаев семинарға қатысушылардың назарын биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерделеудің маңыздылығына аударды. «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы Профилактика биологиялық тәуекелдерді басқаруға, биологиялық тәуекелдерді болдырмауға және тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды», — деп атап өтті ЖОО басшысы.

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры Күнсұлу Дальтонқызы Закария өз сөзінде мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуы, бәсекеге қабілеттілігі, бірінші кезекте оның зияткерлік әлеуетіне, озық технологияларды әзірлеуге және енгізуге байланысты екенін атап өтті. Бұл тұрғыда соңғы жылдары ғылымды қажетсінетін өндірісті дамыту мәселелеріне баса назар аудару қажеттілігін де айта кетті.

Семинар спикерлерінің сөз сөйлеуі биологиялық қауіпсіздікті дамыту және онық перспективалары, елде ведомствоаралық ғылыми кластер құру, биотехнология саласындағы пайдалы модельдердің өнертабыстарын қорғаудың құқықтық аспектілері, ғылыми әзірлемелерді өндіріске коммерцияландыру және т. б. мәселелерге арналды.