Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Жұмыс тобының отырысы өтті

23-24 ақпан 2023 жылы «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ базасында жұмыс тобының отырысын ұйымдастырып, өткізді. Жұмыс тобының мүшелері отырысында Қазақстанға эндемикалық ерекше қауіпті инфекциялардан экономикалық залалды бағалау әдістемесін әзірлеу мен алдын алу шараларының тиімділігі талқыланды. Жұмыс тобының отырысына «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» РММ, ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» РММ, ЖШС «Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты», ЖШС «Ұлттық ветеринария институты» және ҚР ДСМ ЖШС «Ұлттық биотехнология орталығы» сияқты еншілес ұйымдардың өкілдері мен Холдингтың мамандары қатысты. Кездесу офлайн және онлайн режимінде өтті.

Кіріспе сөзде «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының м.а. Жылгелді Алдан Зәшітұлы мен «QazBioPharm» АҚ бас директорының биологиялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы осы кездесудің мәні мен маңыздылығын айтты. Жұмыс форматы Қазақстан Республикасының аумағында аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайды талдаудан басталды. Одан кейін жұмыс тобы ірі қара малдың бруцеллезі, сібір жарасы, конго қырым геморрагиялық қызбасы және кесек дерматиті мысалында аса қауіпті инфекциялардан экономикалық залалды бағалау әдістемесін қолдану және пайдалану үшін бастапқы деректер мен көрсеткіштер тізбесін енгізу мәселесін талқылады. Сондай-ақ, аса қауіпті инфекциялардан (бруцеллез, сібір жарасы, СҚГҚ) экономикалық зиянды есептеу әдістемесі мен формуласын таңдау мәселесі талқыланды.

Семинар соңында мамандар Қазақстанға тән аса қауіпті инфекциялардан экономикалық залалды есептеудің таңдалған әдістері бойынша негіздемелерді, алдын ала есептеулерді және жобаны дайындауды жүзеге асырды.