Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5
Жылгелді Алдан Зашитұлы
Аппарат басшысы

Жылгелді Алдан Зашитұлы, 1981 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданында туған.

Еңбек жолы:

2001 жылы №4 Алға ОМ тарих пәнінің мұғалімі.

2003-2004 жылдары Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің бас маманы.

2004-2005 жылдары «Асар» РҚБ Ақтөбе филиалының хатшысы.

2005-2006 жылдары Ақтөбе облысы Алға ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

2006-2007 жылдары Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы.

2007-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсету комитетінің жетекші маманы.

2008 жылы ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің сарапшысы.

2008-2011 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2011 жылы  ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы және Атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.

2011-2012 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің сарапшысы.

2012 ж.  ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің бас сарапшысы.

2012-2015 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас консультанты.

2015-2017 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің сектор меңгерушісі.

2017-2022 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы.

2022 жылдан бастап «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы аппаратының басшысы.

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары:

«Ерен еңбегі үшін» медалі

3 мерейтойлық медаль

ҚР Премьер-Министрінің алғысы