Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Огай Вячеслав Борисович

Профессор Вячеслав Борисович Огай, биология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі.

2000 жылы Пущинск мемлекеттік университетінде «Жасушалық биология» мамандығы бойынша магистратура бөлімін тәмәмдады (Пущино қ., Мәскеу облысы, Ресей). 2003 жылы аспирантураны бітіріп, Ресей Ғылым академиясының (РҒА) жасуша биофизикасы институтында «Биофизика»мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Еңбек жолын 1998 жылдан бастап РҒА биологиялық зерттеулер ғылыми орталығының Пушинский РҒА жасуша биофизикасы институтында инженер-зерттеуші, кейін кіші ғылыми қызметкер болып бастады. 2004-2006 жылдары Сеул ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары колледжінде (Сеул қ., Оңтүстік Корея) ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Сеул ұлттық университетінің іргелі ғылымдар ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары Ұлттық биотехнология орталығының иммунобиотехнология және иммунохимия зертханасының жетекші ғылыми қызметкері болды. 2011 жылдан 2022 жылға дейін Ұлттық биотехнология орталығының дің жасушалары зертханасын басқарды.

Әр жылдары 10 ғылыми жоба мен 1 ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі болды. «Ұлт денсаулығы» басым бағыты бойынша «2030 жылға дейін ғылым және технологиялар саласындағы жүйелі талдау және болжау» форсайт-жобасының ғылыми сарапшысы ретінде қатысты. 2018-2019 жылдары «өмір және денсаулық туралы ғылым» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болды.

Сондай-ақ 80-нен астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде Web of Science және Scopus халықаралық ғылыми-метрикалық базаларына кіретін басылымдардағы 49 мақаланың авторы. Сонымен қатар ол 10 өнертабысты қорғау құжаттарының, оның ішінде 2 шетелдік өнертабыс патенттерінің авторы. Clarivate Analytics (Web of Science) ақпараттық базасының деректері бойынша Хирш индексі 15-ке тең.

Корея Республикасының Ғылым және технология министрлігі (2004-2006) қаржыландыратын «Brain Korea 21» жас ғалымдарға арналған бағдарламасының стипендиаты болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің белсенді ғылыми қызметі үшін Құрмет грамотасымен (2009), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2016) және «Денсаулық сақтауды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2022) марапатталған.