Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

«Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК

«Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Басшылық:

Бас директор – Жұмаділова Зәуреш Бапанқызы

Миссиясы:

Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдар мен жануарлар ауруларының алдын алу және азайту үшін Қазақстан аумағында аса қауіпті инфекциялармен адамдардың жұқтыру қаупін мониторингтеудің, алдын алудың, бағалаудың ғылыми негіздерін әзірлеу және енгізу.

Негізгі бағыттары мен міндеттері:

– аса қауіпті инфекциялар мониторингінің және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми негізделген әдіснамалық негіздерін әзірлеу және енгізу;

– обаның және басқа аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарындағы эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайды мониторингтеу, қауіптерді бағалау және болжау;

– ғылыми мақсаттарда және диагностикалық препараттар өндірісінде пайдалану үшін, микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс топтамаларын сақтауды, тұрақты толықтыруды, өміршеңдік қабілетін қамтамасыз ету;

– аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және диагностикалау үшін қолданылатын жаңа иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу, өндіру және жетілдіру;

– зерттеу және клиникаға дейінгі сынақтар жүргізу үшін, ғылыми ұйымдарды, фармацевтика салаларын зертханалық SPF-жануарларымен қамтамасыз ету.

– ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, биоқауіпсіздік саласындағы мамандарды үздіксіз кәсіби дамыту бағдарламаларын қамтамасыз ету (мамандандырылған циклдар, біліктілікті арттыру курстары, семинар-тренингтер);

– обаның және басқа да аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында дезинсекция, дератизация бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу;

– Денсаулық сақтау және ветеринария органдары мен мекемелеріне Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау, карантиндік, аса қауіпті және табиғи-ошақты (зооноздық) жұқпалы аурулар пайда болған кезде алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу, олардың зертханалық диагностикасы, патогенділігі I-II топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.

Эл.пошта: nnscedi-1@nscedi.kz

Байланыс номері: +7(727) 223-38-21

Мекенжай: Алматы қ., Жахангер к-сі, 14-үй

https://nscedi.kz/