Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС

«Ұлттық биотехнология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ҰБО) «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Ұлттық биотехнология орталығы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Орталық Биотехнология, биологиялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды орындайды.

Ұлттық биотехнология орталығы Астана қаласында орналасқан, сондай-ақ Алматы қаласы мен Степногорск қаласындағы филиалдық желілері бар. Елордада түрлі бағыттағы 15 зертхана, Степногорск қаласында-3 зертхана және Алматыда-4 зертхана орналасқан.

Басшылық:

Бас директордың м.а. — Вячеслав Борисович Огай

Миссия:

Қазақстанның биотехнологиясын ғылымды қажетсінетін технологиялардың жоғары табысты бизнесіне айналдыру және ғылымның сапасы мен жоғары деңгейінің стандарты болу.

ҰБО қызметінің мақсаты:

-ғылыми-технологиялық дамудың мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылыми зерттеулерді орындау;

— жаңа технологиялар мен биотехнологиялық өнімдерді әзірлеу;

— ғылыми-техникалық бағдарламаларды, гранттарды, инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыруға қатысу;

— биотехнология саласында отандық және әлемдік ғылымның жаңа тиімді әзірлемелерін енгізу;

— зерттеулер жүргізу және технологиялар трансферті бөлігінде отандық және шетелдік мекемелермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.

Зерттеу саласы:

— генодиагностика, фармакогеномика, медициналық биотехнология;

— дің жасушалары, жасуша технологиясы, регенеративті медицина;

— Протеомика және эпигенетика;

— иммунохимия және иммунобиотехнология;

— микроорганизмдердің генетикасы және биохимиясы;

— олигонуклеотидтердің химиялық синтезі және олардың модификациясы;

— молекулалық генетика және гендік инженерия;

— Биотехнология және өсімдік шаруашылығы;

— жасушалық және молекулалық биотехнология;

— микробиология және өнеркәсіптік биотехнология;

— фармакология, клиникаға дейінгі сынақтар.

Эл.пошта: info@biocenter.kz

Байланыс номері: +7 7172 70-75-65

Мекенжай: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13/5

https://biocenter.kz/