Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС Бас директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қызметтің негізгі мақсаттары:

-ғылыми-технологиялық дамудың мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылыми зерттеулерді орындау;

— жаңа технологиялар мен биотехнологиялық өнімдерді әзірлеу;

— ғылыми-техникалық бағдарламаларды, гранттарды, инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыруға қатысу;

— биотехнология саласында отандық және әлемдік ғылымның жаңа тиімді әзірлемелерін енгізу;

— зерттеулер жүргізу және технологиялар трансферті бөлігінде отандық және шетелдік мекемелермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.

Лауазымдық міндеттері:

Ұйымның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің сапасын одан әрі арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Ұйымның қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде әдеп, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Әдепті, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.

Мыналарды білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,  «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;

адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;

халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Біліктілік талаптары:

«Биологиялық және сабақтас ғылымдар» (Биология, Биотехнология, Генетика, Геоботаника), «Денсаулық сақтау» (Фармация, Жалпы медицина, Медицина, Биомедицина,), «Өндірістік және өңдеу салалары» (фармацевтикалық өндіріс технологиясы), тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бағыттары бойынша жоғары білім. Ветеринария (Ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария) «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» (Агрономия, Агроинженерия, Топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, мал шаруашылығы).

Мыналар болуы тиіс:

— тиісті кәсіптік қызмет саласы бойынша ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы PhD немесе доктор ғылыми дәрежесі;

— биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларынан өткені туралы сертификаттар;

— мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде стратегиялық маңызы бар экономика салаларының стратегиялық немесе объектілеріне жатқызылған объектілерде ғылым саласындағы (вирусология, микробиология, биотехнология, биологиялық қауіпсіздік, генетика, фармация, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыста, ғылыми-өндірістік қызметте, экология, денсаулық сақтау, медицина) қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл және/немесе Холдингтің еншілес ұйымында төмен тұрған лауазымда кемінде 5 жыл.

Мыналар болуы артықшылыққа жатады:

— ұйымның бейініне сәйкес патогенділіктің тиісті тобынан төмен емес патогенді биологиялық агенттермен 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

— нәтижелері ғылыми қоғамдастықта сыналған және тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қорытындысын алған кемінде 3 (үш) ғылыми жобаға басшылық ету тәжірибесі;

-нәтижелері ғылыми қоғамдастықта сыналған және тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қорытындысын алған кемінде 1 (бір) ғылыми-техникалық бағдарламаны (ҒТП) басқару тәжірибесі (басымдық);

— өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге және пайдалы модельдерге кемінде 5 патент, оның ішінде кемінде 1 Еуразиялық / шетелдік;

-салалық мемлекеттік органдарда тіркелген Ғылыми-техникалық құжаттамалардың (ҒТҚ) авторлығы.

Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 07 тамызға дейін (қоса алғанда) фотосуреті бар қызметтік тізімге (телефон номерін, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып) және қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті электрондық мекенжайға жіберу қажет .

Конкурстың өтетін орны: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Бас директор лауазымына өтініш