Рсалиев Аралбек Сырашұлы 1979 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001 жылы Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (2010 жылдан – Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты) аға зертханашы қызметінен бастады. 2003 жылы кіші ғылыми қызметкер, 2010 жылы аға ғылыми қызметкер, 2013 жылы жетекші ғылыми қызметкер, 2013 жылдың 2 қыркүйегінен бастап зертхана меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының ғылым, коммерцияландыру және өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Ғылыми дәрежесі:
2009 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2020 жылы «03.01.00 – Биология» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Кәсіби біліктілігін арттыру үшін Қытайда (Пекин, 2006), Түркияда (СИММИТ, Измир, 2014), Ресейде (Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, 2006-2022) шетелдік тағылымдамадан өтті.
2021-2023 жылдары «Су ресурстары, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология» басым бағыты бойынша Ұлттық Ғылыми кеңестің төрағасы болды.
170-тен астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus дерекқорларымен индекстелетін шетелдік рецензияланатын журналдарда 17 мақаланың, Қазақстан Республикасының патенттері мен инновациялық патенттеріне 10 авторлық куәліктің, 8 әдістемелік ұсынымның және 3 монографияның авторы.
Scopus ақпараттық базасы бойынша Хирш индексі-9.
Екі магистр дайындады және қазіргі уақытта 2 PhD докторанттың ғылыми жетекшісі.